"Парасатты азамат" бұрышы » Садыр орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Садыр орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Парасатты азамат" бұрышы
21
сентябрь
2023

"Парасатты азамат" бұрышы

Мектепте адамгершілігі жоғары, жауапкершілігі жоғары, бастамашыл және әлеуметтік құзыретті азамат пен патриотты қалыптастыру және дамыту үшін жағдай жасау мақсатында 5-10 сынып оқушылары арасынан «Адал ұрпақ» клубын ашу туралы бұйрық шығарылып, оның құрамына     7 адамды қамтылды. Ал қыргүйек айында «Адал ұрпақ» клубының 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспары жасалып, бекітілді.

Мақсаты – мектепте адамгершілігі жоғары, жауапкершілігі жоғары, белсенді және әлеуметтік құзыретті азамат пен патриотты қалыптастыру және дамыту үшін жағдай жасау.

Клубтың міндеттері:

рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиеге бағытталған шараларды жүзеге асыру;

  • оқушылар арасында саяси-құқықтық білімді қалыптастыру;
  • оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың моральдық-этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру.

Оқу жылының басында «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» жалпымектептік линейка өткізілді;

– үнемі жаңартылып отыратын «Парасатты азамат» бұрышы жасалды.