Бахышов Даулеткелді Дүйсенғалиұлы » Садыр орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Садыр орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бахышов Даулеткелді Дүйсенғалиұлы
25
январь
2023

Бахышов Даулеткелді Дүйсенғалиұлы

Мен Бахышов Даулеткелді Дүйсенғалиұлы 1992 жылдың 20 ақпанында Алматы облысы, Панфилов ауданы, Сарыбел ауылында дүниеге келдім.

Ұлтым қазақ.

1999 жылы Х.Көбіков атындағы орта мектепбінің  1 сыныбына қабылдандым. 2010 жылы аталған мектептің 11 сыныбын   бітірдім.

2010 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің құқық және экономика негіздері мамандығына оқуға түсіп, 2014 жылы тәмамдадым. Жоғарғы оқу ормын тәмамдағаннан кейін 2014 жылы «Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне педагог – ұйымдастырушы болып жұмысқа кірдім.  2019 жылы 10 қыркүйекте өз еркіммен жұмыстан босатылып.

2019 жылдың 10 қыркүйек бастап «Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалдым.

2020 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің тарих білім беру бағдарламасы бойынша  гуманитарлық ғылымдар магистрі мамандығына түсіп, 2022 жылы бітірдім. 

2022 жылдың 07 қарашасынан бастап «Садыр орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып жұмыс жасаймын.

Жалпы педагогикалық өтілі 8 жыл.