04
октябрь
2023
Өзін-өзі басқару күні яғни "Дублёр күні" өткізілді
4 қазан күні Өзін-өзі басқару күні яғни "Дублёр күні" өткізілді. Негізгі мақсаты: мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының қызметін дамыту, оқушы жастардың көшбасшылық қызметін дамыту, қоғамдағы мұғалім қызметінің рөлін құрметтеуге шақыру. Осы мақсатта , жоспар бекітіліп, бастамашыл топ құрылды. Оқушы жастарға пән мұғалімдері тарапынан әдістемелік көмек көрсетілді. Пән бойынша бекітілген мектеп парламентінің оқушылары өз бейімдері мен қызығушылықтарына орай, сабақ берді. Мектеп оқушыларынан сұхбат алынып, нәтиже бойынша дублер оқушылардың сабақ беруі оқушылардың көңілінен шыққаны белгілі болды. https://www.facebook.com/100007783532953/videos/1740977446362827/