Садыр ОМ » Садыр орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Садыр орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
апрель
2025

Садыр ОМ

Жетісу облысына – 3 жыл!

Облыс құрылған 3 жылда әлеуметтік инфрақұрылымның жаңартылуы 52%-ға жетіп, 15 жаңа мектеп салынып, 5310 оқушы орны ашылды. Бейімделген мектептер саны 69-дан 39-ға дейін қысқарды.

2025 жылы тағы 13 білім нысанының құрылысы жүріп жатыр. Соның ішінде Алакөл ауданы Достық, Ақсу ауданы Көлтабан, Панфилов ауданы Лесновка және Кербұлақ ауданы Көксай ауылдарында 1080 орындық 4 жаңа мектеп пайдалануға беріледі.

Үш ауысымды оқу жойылып, жаңа мектептер заманауи кабинеттермен, спорт залдармен және зертханалармен жабдықталуда.

Сонымен қатар, облыс мектептерінде 108 ментор жұмыс істеп, балаларға құқықтық тәрбие, салауатты өмір салты мен қаржылық сауаттылықты үйретуде. Нәтижесінде Панфилов ауданында жасөспірімдер қылмысы 4,4 есеге, Талдықорғанда 4,3 есеге төмендеген.

#Жетісу #Білім #ЖайлыМектеп #Мектеп2025 #БолашаққаБіліммен
                    https://www.instagram.com/p/DIK5A4Gq0pM/?igsh=MWtoOXNlZDVobHE2bA==