Садыр орта мектебінің тарихы » Садыр орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Садыр орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Садыр орта мектебінің тарихы
01
сентябрь
2022

Садыр орта мектебінің тарихы

«Садыр орта мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

ТАРИХЫ

Садыр орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі  1989 жылдың 

15 тамыздағы №16-252 шешімі бойынша Садыр орта мектебі болып құрылған.  

1984 жылы  қыркүйек айында 90 балаға арналған балабақша ғимаратына көшірілген.

Жер учаскесінің алаңы 12783м2, құрылыс алаңы 1389,7м2 жалпы ішкі алаңы 1493,7м2, 2 қабатты ғимарат, бөлмелер саны 40. Мектеп жанындағы 1 қабатты қосымша ғимаратта шебархана, асхана, медбике кабинеті және 4 оқу бөлмесі бар.

«CHAPPEE» 2308 «210-250 кв) маркалы қазандық орнатылған. Мектепке қосымша автономды пеш алынған.

Мектебімізде 1991 жылдан бері 7 «Алтын белгі», 4 «Күміс белгі», 12 «Үздік аттестат» иегерін даярлап шығырды.

Мектеп директоры – Қорғасбеков Рахметолла Оразақынұлы, Талдықорған педагогикалық институтын 1980 жылы, физика мамандығы бойынша бітірген, еңбек өтілі  41 жыл. 

          Садыр ауылының ажарын әрлендіріп, еңсесін көтерер, көркіне көрік қосып тұрған әсем ғимараттарының бірі, шәкірт жүрегіне ізгілік сепкен білім ордасы- Садыр орта мектебі КММ.

         Білім мен біліктілік,ізгілікпен ізеттілікке бастау болған  Садыр орта мектебінің тарихы сонау 1930 жылдан бастау алады.Айналасындағы бес алты ауыл орталығы болған Садыр ауылына Сарыбел, Тұрпан, Шежін елді мекендерден Садыр мектебіне балалар қатынап оқыған.

          Садыр 7 жылдық мектебінің алғашқы директоры Елемов Мутәлліптің басшылығымен 1950 жылға дейін жұмысын атқарған.

1950-1965 жылдар аралығында бала санының аздығына және басқа ауылдарда мектеп  ашылуына байланысты 4 жылдық мектеп қатарында болды.

1966-1967 оқу жылында  Садыр 8 жылдық мектеп болып қайта құрылған. Осы жылдарда Абикаримова Ризвангүл 1982 жылға дейін директор қызметін абыроймен атқарған.

           Ауыл мектебінде Валиев Байтұрсын, Әбділдаев  Қожақан, Қадыров Нодар, Канапиянова Клара тағы сол сияқты 20-дай ұлағатты ұстаздар еңбек етті.

        Ауылдан ағайынды Қазақстанға белгілі жазушылары Қурбан Тохтамов, Тұрған Тохтамовтар шықты. Сарыбел, Садыр,Тұрпан ауылының басшысы болған Ленин орденінің иегері Ахметов Низам еңбек еткен.

        1982-1989 жылдар кезінде Валиев Байтұрсын мектеп директоры болды. Сол кісінің басшылығымен 1984 жығы Садыр ауылына жаңа мектеп салынды.

          Мектеп ұжымы аудан, облыс көлеміне таныла бастады. Спорт, мәдениет, білімнен оқушылар Республика, облыста бас жүлделермен лауреат атақтарын алды.

         1989-1990 жылында Садыр орта мектеп болып ашылды.1989 жылдан бастап осы уақытқа дейін мектеп директоры болып Қорғасбеков Рахметолла Оразақынұлы аброймен атқарып келеді.

          Бүгінгі таңда Садыр орта мектебінде 49 мұғалім «Оқушылардың шығармашылық қабілетін ашып, өздігінен білім алуға дағдыландыру» проблемасымен жұмыс істеуде, жас жеткіншектерге сапалы білім мен саналы тәрбие беруде мектеп ұжымы ынтымақта жұмыс атқаруда.

1991 жылы Тохтарбаева Гулшат «Алтын белгі» иегері болды. Қазіргі таңда Алматы қаласында терапевт врач болып қызмет істеуде.

2005 жылы Қорғасбеков Дастан Рахметоллаұлы «Алтын белгі» иегері болды. ҚР   білім және Ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің экономика институтында бас ғылым хатшысы, Экономика мамандары бойынша Phd докторанты.

2016 жылы Смағұл Қымбат «Алтын белгі» иегері. Асфендияров атындағы медициналық университетінде оқуда.

2018 жылы Әубәкір Гүлзия « Алтын белгі» иегері. Тура университеті, аударма ісі мамандығы бойынша білімін жалғастыруда.

2019 жылы Мұсақан Тәлей «Алтын белгі» иегері. Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінде тарих факультеті бойынша білім алуда.

2020 жылы Ботанова Аяулым «Алтын белгі» иегері. Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетінде математика-информатика мамандығымен білімін ұштауда.

2020 жылы Мұсақмет Талшын «Алтын белгі» иегері. Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінде биология-химия  факультеті бойынша білім жолын жалғастыруда.