«Мейірім толы жүрек» акциясы » Садыр орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Садыр орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
ноябрь
2022

«Мейірім толы жүрек» акциясы

«Мейірім толы жүрек» акциясы

«Адамның шын мағнасындағы білімді болу үшін үш қасиет  қажет кең көлемді білім ойлай білу және қайырымдылық сезім» дегендей осы үш қасиетті бойына сіңірген мектеп мұғалімдері оқушылары «мейірімді жүрек» атты іс- шараға қатысып, белсенділік көрсетті. «Адам баласынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады» -деген екен данышпан халқымыз. Қазіргі жастар тәрбиесінде жүректі ізгілендіру, жүректі нұрландыру арқылы адам жанына әсер ету үрдісін   кең қолдану аясымен қол жеткізген жақсылық ізгі істер.

Мектебімізде қараша айында бақыт фракциясының ұйымдастыруымен мектепішілік  акциясы ұйымдастырылды. Мектептің технология пән мұғалімі Б.Маттанаева, Л.Ахметов шебер қолдар үйірмесінде оқушылармен бірлесе отырып, ұлттық нақыштағы бұйымдар жасап, тұмаршалар, киіз үй, түйе үй тұрмысына қажетті құралдар ұлттық нақыштармен өрнектелген асханаға қажетті бұйым жасап, мектеп оқушыларына, ұстаздарға ата-аналарға арналған көрме ұйымдастырылды. Қамқорлық акциясына байланысты мектеп фоесіне «Мейірімді жүрек» атты іс-шараға орай «қайырымдылық қор» жинау мақсатында жиналған ақшаға аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға 3 балаға жылы киімдер 2 дана аяқ киімдер берілді.

Білім алушыларда акцияға қатысып, 12 оқушыға өздерінің қалауымен оқу құралдарын беріп, өз үлестерін қосты. Осындай іс- шараға қатысып, қол ұшын берген мектеп әкімшілігіне ұстаздарға, оқушыларға ризашылығымызды білдіріп, алғыс айтамыз.