2022-2023 оқу жылындағы Педагог-психологтың І - жарты жылдық қортынды есебі » Садыр орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Садыр орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022-2023 оқу жылындағы Педагог-психологтың І - жарты жылдық қортынды есебі
30
декабрь
2022

2022-2023 оқу жылындағы Педагог-психологтың І - жарты жылдық қортынды есебі

«Садыр орта мектебі»КММ 2022-2023 оқу жылындағы

Педагог –психологгтың І – жарты жылдық қорытынды

 ЕСЕБІ


«Садыр орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 

2022-2023оқу жылында 2 психолог жұмыс жасады.

Мақсаты: Тұлғаның жеке-дара психологиялық ерекшеліктері мен тұлғалық бейімділігін анықтау, зерттеу жұмысын жүргізу.

Міндеттері: 

  • Әрбір даму кезеңінде баланың жан-жақты тұлғалық және интеллектуалдық қалыптасуына ықпал ету;
  • Оқушы жеке тұлғасының психологиялық-педагогикалық зерттеуін ұйымдастыру;
  • Оқушының жеке тұлғасын зерттеуге арналған диагностикалық әдістемелер комплексін дайындау;
  • Оқушылар арасында дұрыс психологиялық ахуал, қарым-қатынасты қалыптастыру;
  • Оқушыларға психологиялық көмек көрсету, түзету жұмыстарын жүргізу;
  • Мектеп ұжымына көмек көрсету, ұстаздарды психологиялық ақпараттармен қамтамасыз етуді жақсарту;
  • Барлық мәселелерді шешуде баланың  психологиялық дамуын ескерту.

Психологтың жүргізген бақылаулары мен диагностикалық жұмыстардың негізінде сынып жетекшілерімен біріге отырып, әр балаға жеке психологиялық картасы толтырылды.

      Оқушылармен жыл бойында диагностикалық, профилактикалық және түзету жұмыстары жүргізілді.Жүргізілген жұмыстардың нәтижелері сынып сағаттарында қаралады.

1.Психодиагностикалық бағыты бойынша

2022-2023 оқу жылында жылдық жоспарға сәйкес төрт бағытта жұмыс атқарылды: Психологиялық ағарту, психологиялық түзету, психологиялық алдын алу, психологиялық кеңес беру жұмыстары. Жаңа оқу жылының басталуына байланысты, ұйымдастырушылық кезең болды. 1-9 сынып оқушыларына жеке психологиялық карта арналады.

Мектепалды даярлық сыныптарында, мектепке дайындығын, ақыл-ой деңгейін анықтау үшін Керн-Иерссек тесті, есте сақта және айт, төртбұрыш, үшбұрыш, тік төртбұрыш, дөңгелек фигураларды табу, қажетті бөлігін тап, адам бейнесін, отбасын және Н.И. Гуткинаның «Үйшік», Эльконинің «Графикалық диктант» әдістемелері алынып,     диагностикалық жұмыстары жүргізілді. Ақыл-ойлық әзірлігін анықтауда баланың қоршаған орта туралы мәліметтілік дәрежесі оның дүниетанымы, тірі және өлі табиғат түсінігі, кейбір әлеуметтік құбылыстар туралы, осы ұғымдардың жүйелілігі, ынталық сезінудің, есте сақтаудың, ойлаудың тілдің дамуының белгілі бір деңгейі сондай-ақ кейбір қарапайым машықтарды игеру дәрежесі есептеу машықтары қолдың жазуға дайындығы бойынша анықталынды.Соның нәтижесінде ес, зейін, қиял, ойлау қабілетінің жалпы даму деңгейі анықталады.

              1АӘ сынып оқушыларының мектеп мотивациясының нәтижесі

1А-сынып                                          

                                            1Ә сынып

Гуткинаның «Үйшік» әдістемесінң қорытындысы

1А –сынып                                    

  1Ә –сынып


Жыл басындағы нәтиже көрсеткіші бойынша танымдық процестерінің дамуы:

Мектепалды даярлық  «А» сыныбы: 65% - жоғары, 25% - орта, 10 % - төмен

Мектепалды даярлық  «Ә»   сыныбы:75% - жоғары, 25% - орта, 0% - төмен

      5-9 сынып оқушылары арасында, сыныптағы қарым-қатынас деңгейін анықтау мақсатында социометрия әдісі жүргізілді.Шеттетілген оқушы анықталмады.

      5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделуіне байланысты қобалжу деңгейлерін анықтау мақсатында оқушылардың мазасыздық деңгейі шкаласы әдістемесі алынды. 

5-9 сынып оқушыларының арасында мұғалім мен оқушының қарым қатынасын анықтау үшін «Мұғалім оқушы көзімен» анкетасы өткізілді. Нәтижесінде оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты, ұнамды сабақтар, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары т.б. анықталды.

7-9 сыныптардың салауатты өмір салтын құру мақсатында «Зиянды заттар» тақырыбында сауалнама алынды. Нәтижесінде әрбір оқушы зиянды заттардың не екенін, одан қалай қорғануға болатынын сауалнама арқылы көрсете білді.

     Жоспар бойынша оқушылардан ақша жинау және қорқытып алу фактілерін анықтау мақсатында 5-9 сынып оқушыларынан жасырын сауалнама жүргізіп, 

интерпритациялап қорытынды жасалды. Анкета қорытындысы бойынша жасырын топ, ақша жинайтын көшбасшы оқушы анықталған жоқ. 5-9 сынып оқушыларымен құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

    5 сынып оқушыларының қарым-қатынаста жеке ерекшеліктерін орта буынға бейімделуін арттыру мақсатында тренинг өткізілді.5 сынып оқушыларының қарым-қатынаста жеке ерекшеліктерін, орта буынға бейімделуін талқылау мақсатында педконсилиум өткізілді. Сабақ процестерінде назардан тыс қалдырмай, тапсырмалар беру, бақылауда ұстау,пән мұғалімдерінен қадағалауды талап етілді. бұзылыстардың пайда болуы туралы түсініктеме берілді.

      5-9 сынып оқушылар арасында оқушылардың қарым-қатынас ерекшеліктерін нығайту, жақсы психологиялық ахуал орнату мақсатында «қарым-қатынас» тренингі өткізілді. Оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынас ерекшеліктерін түрлі бағытта екендігі анықталды. Оқушылар арасында көшбасшылық, тіл табысушылық, шеттетілген қасиеттері анықталды.

     9 сынып оқушыларының ата-аналарының мамандық таңдауда кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында психологиялық тұрғыдан кеңес берілді. Мамандық таңдауда ата-ана мен баланың көзқарасының сәйкестігі және баланың қабілетін негізге ала отырып таңдау керек екендігі айтылды.

     Сауалнаманың нәтижесі қобалжу деңгейі жоғары оқушыларға кеңес беріліп, кеңес беру дәптеріне тіркелді және эмоция-ерік өрісін дамыту мақсатында «Сезімді тап» жаттығу және «Өлең» ойыны арқылы профилактикалық жұмыстар жүргізілді, оқушыларға ақыл-кеңестер беріліп, сауалнама қорытындысымен сынып жетекшілері таныстырылды.



5АӘ сынып оқушыларының

зейін процесінің нәтижесі

5 А –сынып                                                                     

  5Ә-сынып

5АӘ сынып оқушыларының

«Кактус» тестінің  нәтижесі

5 А –сынып                                                                  

   5 Ә –сынып

 

5 «АӘ» сынып оқушыларының 

темпераменті мен  өзін-өзі бағалауының гистограммасы

5 А –сынып                                                           
  5Ә-сынып

2.Психологиялық түзету (коррекциялық) бағыты

Ата-аналарға, оқушыларға, ұстаздарға психологиялық білімінің қажет екендігін, әрі оны өз жұмыстарында дұрыс пайдалана білу мен жеке басының дамуына өз септігін тигізетіндігін, әр баланың жас кезендеріне байланысты жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау, интеллектуалдық және тұлғалық қалыптасуына кедергі болатын жағдайларды дер кезінде анықтап, әрі олармен бағдарлама бойынша жұмыстар жүргізіліп, қорытындысында оқушылардың белсенділігі, сыныптағы ұйымшылдығы жоғары бола бастаған.

Ата аналарға  ҰБТ ға дайындық жөнініде ұсыныстар берліді «ҰБТ –дегеніміз не?», «ҰБТ ға сенімен барайық» тақырыптарында тренинг жұмыстары жүргізілді.

Қорытынды: Оқушылар  негізінен  адам   саласындағы  жұмыс  түрлеріне   бейім.  Яғни, олар  айналасындағы   адамдармен   тез  тіл  табысып,   қарым-қатынасқа  тез  түсе   біледі.  Егер  осы   жүргізілген  зерттеулердің  нәтижесіне   сүйеніп  айтар  болсақ,   сол  мамандықтар  иесі   болса,  өсулеріне  жол   ашық. 

Ұсыныс: Мамандықты  әлі   дұрыс  таңдай  алмай   жүрген  оқушыларға   бағыт-бағдар   беруден  шаршамау,  қабілеттерін   одан  әрі  дамытуға   көмек  көрсету  ұсынылды. Бірді-екілі  оқшауланған   оқушылармен  көбірек  қарым-қатынаста  болып,   назардан  тыс  қалдырмау   керектігі  пән  мұғалімдері   мен  сынып  жетекшісіне ұсыныс  жасалды.   

 10 – сынып оқушылармен тұлғаның кәсіби қызығушылықтарын, бағдарлы оқытудың таңдаған бағыттарының бейінділігін анықтап: қоғамдық математикалық жаратылыстану мен гуманитарлық бағытына бейімделді.Мектебімізде    тәртібі  қиын  оқушылармен   ай  сайын  түрлі   (тренингтер, жеке топтық түзету) жұмыстары жүргізіліп  отырды.   Сынып  жетекшілерге оқушыларға көбірек  көңіл  бөліну,   оқшау  қалдырмау,  жеке   тапсырмалар  беріп  ортаға   тарту  сынып жетекшілерге  ұсынылды.    

       Жоғары сынып оқушыларға «Жастар нашақорлыққа қарсы» тақырыбы бойынша интерактив тақтаны пайдаланып видео сабақ, диспут, көрініс өткізілді. Анкеталар  жүргізілді. Оқушылар нашақорлықпен пайдаланған жастардың қандай нәтижеге жеткенінін көріп өздерінін ашық ой пікірлерін айтты. 

Педагогтардың  қарым-қатынас   жасау  біліктілігін,  психологиялық-педагогикалық  дағдарысын   жетілдіру мақсатында педагогмкалық ұжыммен психологиялық тренингтер,ағартушылық жұмыстарын өткізілді. Жас мамандарды  ұжымға бейімделу жұмыстары, психологиялық кеңестер, сенімділік тренингтер, сауалнамалар жүргізілді.

Мүмкіндігі шектеулі оқушылармен, ата-аналармен жеке  психологиялық жұмыстар өткізілді.

  • жеке дамыту және түзету жұмыстары бойынша;

Дарынды  оқушылармен жұмыс жөнінде жалпы анықтама алынып, дарынды  оқушыларды анықтау үшін өткізілетін іс – шара бойынша, директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен бірге, дарынды балаларды іріктеу үшін диагностика жүргізу және қабілеттеріне қарай топтай отырып, тапсырманы орындау барысына орай 27 оқушыны алдық. Атқарылатын іс – шараларға орай оқушылар қатысатын «Ақбота», «кенгуру», мектепішілік қалалық, облыстық олимпиадаларға дайндық барысында түрлі психологиялық жұмыс жүргілді.

Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру, мектептегі оқу үрдісіне бейімділігін дамыту,  ой-өрісінің дамуы оны қоршаған заттар мен құбылыстарды қабылдауын әрі қарай дамыту үшін жеке түзету – дамыту жұмысы жыл соңына дейін алып, жұмыс бағдарлама бойынша жүргізілді. Таным процесі төмен оқушылармен дамыту тренингтері өткізілді. Оқушыларға сауықтыру,   түзету  жаттығуларың  жүргізу,   өзін – өзі  қалыпты  ұстап,   сенімді  болуға,  білімдерін   өз  дәрежесінде  көрсете   білуге  кеңес  беріліп, топтық –дамыту жұмыстарын өткізілді.

          3.Психопрофилактика бағыты бойынша

     Қараша айында 5-7 сынып оқушылары арасында «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында шығарма байқауы ұйымдастырылды. Шығарма жазуға оқушылар белсене қатысты. Олар өз ойларын толығымен жазған. Яғни, шығарма жазған оқушылардың өмірге деген құштарлығы өте жоғары деңгейде. Оқушылар өмірде ата-анасының бар екендігіне ризашылығын білдірді.Көптеген оқушылар өмірдің бір рет беріліп, оны жаман қылықпен емес жақсы, үлгілі өткізуді жазған. Осы өміріне қанағат етуді, ата - анасының жылулығына бөленгені туралы жазылған. Енді біреуі өлең жолдарымен өз ойын жеткізген.

9 сынып оқушылары арасында «Нашақорлық – ғасыр дерті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Оқушылар арасында Зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары жүргізілді.

6-11 сынып оқушыларына «Суицидтің алдын- алу»  тақырыптарында жаднамалар таратылып, кеңестер берілді және мектептегі «Сенім жәшігі» туралы түсінік жұмыстары жүргізілді. «Жасөспірімдердің арасында суицидуалды мінез-құлықтың пайда болуына кедергі болатын факторлар» тақырыбында мектеп мұғалімдеріне баяндама оқылды

   ДТІЖО мен бірлесіп ата-аналар жиналысы өткізілді. Мысалы «В  кантакте» желісіндегі «Синий кит», «Красная сава», «Собачый кайф», және тағы басқа сайтарға тіркелудің алдын алу мақсатында түсінік жұмыстары жүргізілді. 
 7-8 сынып оқушылары арасында зиянды заттарды қолданудың алдын алу мақсатында «Алкоголизм, нашақорлық» және «Темекі шегу» тақырыптарында баяндама оқылды.
 

5 – 8 сыныптар аралығында «Менің отбасым»тақырыбында тренинг өткізілді.  

Өткізу мақсаты:   әке, шеше, ата ,әже, тегі туралы ұғымдарын кеңейту, отбасындағы сыйластық, ынтымақ, бірлік сияқты қарым – қатынасқа үйрету, туыстарына, жақындарына сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Тренингтің қорытындысы бойынша оқушылар отбасының жарастығы, татулығы, сыйластығына қалай қол жеткізуге болатындығын әр оқушы түсініп өз ойларын ортаға салып талқыланды. Оқушылар   «Отбасы суреті» бөлімінде өздерінің отбасын салған  суреттерін қуанышпен, мақтанышпен айтып өз ойларын  түсіндірді. 

Алдағы міндеттер: Жалпы сұрауы  бойынша жыл бойына ата – аналарға жекеленген психологиялық кеңестер беріліп, жеке қабылдаулар болады. Мақсаты: Отбасындағы бала жағдайы, отбасындағы   әлеуметтік – педагогикалық тәрбие көзін анықтау. Мүмкіндігінше бала дамуындағы қиындықтарын алдын алу. Ата – аналармен тығыз байланыста болу. 

4.Психологиялық кеңес беру бағыты бойынша

 Девиантты мінез-құлықтың алдын алу мақсатында пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілерге, ата-аналарға кеңес беріліп, кеңес беру дәптеріне тіркелді.

     Жыл бойында оқушыларға «Адам өзіне қалай сенімді бола алады?» тақырыбында әңгіме, сұхбат жүргізіліп, кеңестер берілді.

     Социометрия әдісінің нәтижесінде «Шеттетілген» оқушыларға кеңес берілді.

     Бағдарлы оқыту бағытын таңдаудағы мұғалімдер мен оқушы арасындағы мәселелерге жеке кеңес беріліп, кеңес беру дәптеріне тіркелді.

     9 сынып оқушыларына мамандық таңдауға ата-аналардың көмек беруіне топтық кеңес берілді.

     Педагогикалық ұжыммен бағытты түрде жұмыстар жүргізіліп тұрды. Олар кеңес беру, кіші педкеңестер, консилиумдар, семинарлар, баяндамалар оқылды.

  Өз білімімізді жетілдіру мақсатында «Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет» тақырыбында өз білімімді шыңдаудамыз. Методикалық құралдармен арнайы әдебиеттерді үнемі оқып үйреніп, отырамыз.

2022-2023 оқу жылындағы кемшіліктер: оқушылардың таным процестерінің төмен болу себебі, денсаулық жағдайына, қабылдауларының төмен болуына, байланысты. Осы кемшіліктерді түзету мақсатында мектеп психологының алдына төмендегідей міндеттер қойылды.


Келесі жарты жылдыққ қойылған ұсыныстар:


  1. Оқушы жеке тұлғасының психологиялық – педагогикалық зерттеуін ұйымдастыру.
  2. Оқушылар арасында дұрыс психологиялық ахуал, қарым-қатынасты ұйымдастыру.
  3. Ортаңғы және жоғарғы буындағы оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру.