2022 – 2023 оқу жылының оқу-әдістеме саласы бойынша ІІ тоқсанда атқарылған жұмыстардың есебі » Садыр орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Садыр орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022 – 2023 оқу жылының оқу-әдістеме саласы бойынша ІІ тоқсанда атқарылған жұмыстардың есебі
30
декабрь
2022

2022 – 2023 оқу жылының оқу-әдістеме саласы бойынша ІІ тоқсанда атқарылған жұмыстардың есебі

«Садыр  орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2022 – 2023 оқу жылының оқу-әдістеме саласы бойынша ІІ тоқсанда  атқарылған жұмыстардың  есебі


SWOT  талдау


Күшті жағы:

2022-2023 оқу жылында білім сапа көрсеткішінің жалпы 

100% үлгерім,   66, % білім  сапамен     оқу жылын аяқтады.

           2022  - 2023 оқу жылында педагогтердің құрамы 49 мұғалім. Жоғары білімді-48, арнаулы орта-1, Оның санаты бойынша педагог-зерттеуші-6, педагог-сарапшы-20, педагог-модератор-9, І санат-1, санаты жоқ-12 мұғалім. Білімін жетілдіру бойынша 4 мұғалім жекелеген пәндік курстардан өтті.

           -Қабілетті оқушылармен жұмыстың нәтижесі бойынша облыстық және республикалық     деңгейдегі сайыстардан жүлделі орын көрсетуі; 

-Оқушылар аудан, облыс, республика көлемінде өткен сайыстардың жүлдегерлері; 

-Педагог-зерттеуші және педагог-сарапшы мұғалімдердің      іс-тәжірибелерімен  бөлісуі; 

-Пән бірлестіктерінің офлайн  форматта жоспарлаған онкүндіктерінің нәтижелі өтуі;

-Әдістемелік пәндер бірлестіктеріне рейтинг бойынша талдау жүргізіп үздіктерді анықтауы;

-Педагог рейтингі бойынша әдістемелік жұмыстар қорытындысы шығарылып үздіктердің марапатталуы;

Аймақтық семинарларда  мектептердің  қоғамдастық     аясында іс-тәжірибелерімен     бөлісуі

Пән әдістемелік бірлестіктерінің     жұмыс   нәтижелерінің  шығармашылық көрсеткіштері

Шығармашылық топтардың, озық тәжірибелі 4 мұғалімнің мектепішілік іс-тәжірибелерінің таратылуы

Мұғалімдердің  байқауларға қатысу көрсеткішінің өсуі 

Бірлестіктердің өзара тәжірибемен  алмасуы


Әлсіз тұсы:

Пән олимпиадаларға оқушылардың   аз қамтылуы

Пән олимпиадаларында      оқушылардың  орын  алмауы

Мұғалімдердің өз біліктілігін арттыруға      көп  бармауы

- Көрнекілік құралдардың аздығы және пән кабинетінің  жүйелі жабдықталмауы;

-Пән бірлестік мұғалімдерінің пәндік құзыреттілік бойынша курстардан өтпеуі;

-Оқушылардың облыстық пән олимпиадасына сайыстарға аз қатыстырылуы; нәтижесінің аздығы 

-Кейбір мұғалімдердің кәсіби байқауға қатысуларының төмендігі; 

-Кейбір мұғалімдердің  жаңартылған білім беру бағдарламасын жеткілікті меңгермегендігі себепті сабақтарында нәтижелі ықпалдастыра алмауы; 

-Кейбір педагог-сарапшы, санаттағы педагогтердің іс- тәжірибелерін дамытуда енжарлық танытуы.


Мүмкіндіктер:

Қоғамдастық  аясында тәжірибе алмасуды  жандандыру

Мұғалімдердің  біліктіліктерін жиі арттыру

Тәжірибелі мұғалімдердің іс-тәжірибесін     жиі тарату

- Педагогтердің рейтинг бойынша үздік 5 педагог жұмыстары нәтижесін келесі оқу жылында ортақ тәжірибе алаңын құру 

- Олқылықтар  орнын толықтыру мақсатында жазғы мектеп кезеңінде каникулдық сабақтарда күрделі оқу мақсаттарын игеруі

-Оқушылармен қосымша жұмыс жүргізу үшін пән кабинеттерінің ыңғайлылығы, қолайлығы;

-Оқушылар мен мұғалімдердің білімдерін, өнерлерін шыңдайтын кәсіби байқаулар, білім сайыстары, қашықтықтан сайыстардың  көптігі;

-Оқушылардың жаңашылдыққа, АКТ-ға құлшыныстарының өте жоғары болуы; 

-Мұғалімдердің кәсіби өсуіне, іс әрекеттегі зерттеумен айналысуына мектеп әкімшілігінің қолдау көрсетулері;

- ӘПБ жоспарларын құру кезеңінде пәндердің оқытылу әдістемелік ерекшеліктерін басымдыққа ала отырып бірізді жоспар құру

Қауіпі:

Жас  мамандардың   біліктілігінің  аз жетілуі

Жоспарланған кейбір іс-шаралардың өз мерзімінде өтілмеуі

Уақытты тиімді  қолданбау

-Мұғалімдердің оқуды, ізденуді тоқтатуының салдарынан  кәсіби өсе алмауы, керісінше тоқырауға ұшырауы; 

-Кейбір педагогтердің АКТ-дан білімдерінің әлсіздігі салдарынан оқушылардың сабаққа қызығушылығын оята алмауы; 

-Оқушыларға жеке-дара дұрыс  көңіл бөлмеуінен, зерттей алмауынан  олармен  қарым-қатынастың, байланыстың нашарлауы; 


Мектепте оқу-әдістемелік құжаттардың жинақталғаны: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (ҚР ЖМББС), үлгілік оқу жоспарлары,  оқу бағдарламалары. Сонымен қатар ҚР ЖМББС талаптарының,  оқу бағдарламалыры  орындалады.   2022-2023 оқу жылына арналған мектептің оқу жоспары бар. 

  1. Әдістемелік   апталықтар  мен  күндерді   сапалы  әзірлеп , өткізу  және   олардың  мектеп  басшылары   мен  мұғалімдердің  педагогикалық   шеберлігін  жетілдірудегі  ролін   көтеру.
  2. Сабақтың   барлық  түрлерінің  жоғары   әдістемелік  деңгейде  өтуін   қамтамасыз ету.
  3. Жас   мұғалімдердің   кәсіптік  шеберлігін   көтеру   жұмыстарын  ұйымдастыру.
  4. Білім   беру  технологияларын  енгізу   арқылы  сабақтардың  сапасын   көтеру.
  5. Шығармашылықпен   жұмыс  істейтін  ұстаздардың   тәжірбиесін  жинақтау  және   тарату.

                                   


  1. Әдістемелік   жұмыстарды  ұйымдастыру  мен   олардың  есебін  жүргізу   құжаттарын реттілікте  ұстау.
  2. Оқулық , әдістемелік  және   дидактикалық  материалдар  әзірлеу.
  3. Оқушыларды    тәрбиелеудің, олардың   бойында  жоғары  көп   мәдениеттілік  қасиеттерді  қалыптастырудың  кешенді    бағдарламасының  жүзеге  асыру.

2022-2023 оқу жылына арналған мектепішілік   әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтамасыз етуде, оқушылардың бос уақыттарын есепке алып, пәндік және басқа да үйірме, секцияларға тартуда, сабақта және сабақтан тыс уақытта оқу-тәрбие жұмыстарын үздіксіз жүргізіп, оқушыларды мектептен және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының барлық түрлерімен қамтуда нысаналы жұмыстар атқарды. 

Әдістемелік жұмыстар бойынша жоспарда көрсетілген іс шараларға тоқталатын болсақ, оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша: қараша айында (№2):Әдістемелік кеңес өтті.

1. Әдістемелік жұмыстар бойынша І тоқсан қорытындысы.

2. Жас мамандардың бейімделуі бойынша алынған сауалнама, SWOT талдауы

3. Тілдер айлығының өтілуі бойынша анықтамасы

4.«Шығармашылық топтың апталық қорытындысы 

 5. Үлгерімі төмен олқылықпен жұмыс нәтижесі

6. Қабілетті балалардың   жұмысы    І тоқсан қорытындысы

7. Республикалық пәндер олимпиадасының мектепшілік кезеңіне дайындық, өткізу                                                                            8. Мұғалімдер мен оқушылардың интернет олимпиадасына қатысуы бойынша мониторингі                                                         9. Аттестациядан өтетін мұғалімдер туралы  есептері тыңдалды.

І.Шебер сынып оқулар, семинарлар, вебинарлар конференция, баяндамалар: 

 «Білім беруде қолданылатын әдіс-тәсілдер технологиялардың тиімділігі» атты   Г.К.Тохсунова,

«Жазылым дағдысын қалыптастыратын белсенді әдістер»  тақырыптарында әдістемелік күні мұғалімдерге У.У.Джубанова бастауыш сынып мұғалімдері коучинг өтті. 

Қазақ тілі мен әдебиеті піндерінің ұлт сыныбында өтілу барысы ҚМЖ,ТЖБ,БЖБ талдау туралы аудандық семинарда өткен   қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері А.Оралова, А.Мажитова мәлімдемдеді.

«Педагогтің кәсіби құзіреттілігін жетілдірудің алғышарттары» 

Курс жаңалықтары пән бойынша курсқа барған М.Боранбай информатика пәнінің мұғалімі, Л.Жақсылыққызы тарих пәнінің мұғалімі, Ф.Берикова тарих пәнінің мұғалімдердің облыстық білім жетілдіру курсынан алған білімдері сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер, жаңалықтары туралы слайдтар арқылы есеп берді.

ІІ. Жас  мамандармен   жұмыс бойынша 

  1. Жас маман  сабақтарына бақылау жүргізу туралы «Жас мамандардың бейімделуі мен  тәлімгерлердің оқу үрдісін белсендіру барысы туралы. Жас маман Боранбай Мейірбек информатика пәнінің мұғалімі- тәлімгері Б.Ш.Жақыпжанова география пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші. Важитова Дилинур орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі-  тәлімгері Ш.Н.Иминова орыс тілі мен ұйғыр тілі пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы                                     жас мамандарға  жоспар бойынша іс-шаралар жүргізіліп, психологиялық сауалнамалар алынып, құжаттары топтастырылды. Жас мамандар  тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына қатысып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, аймақтық, аудандық семинарларға қатысты. 

«Сабақта  қолданылатын әдіс-тәсілдер, сандық технологиялардың тиімділігі» 

          А.Н.Курманбаева- бастауыш сынып мұғалімі арнайы мектебіміздің жас ұстаздарымен топтық жұмыс барысында сабақта  қолданылатын әдіс-тәсілдер, интернет желілерін қолдану әдістерімен /Шебер сынып/өткізді.   

ІІІ. Педагог қызметкерлермен аттестация жұмысы                                                                                                        Педагогтердің өз білімін,  біліктілігін жетілдіру жұмыстары бойынша ортақ  іс-тәжірибе алаңын ұйымдастыру.  2022-2023 оқу жылында өз білімін,  біліктілігін жетілдіруге 6 мұғалім Р.Халилова кезектен тыс педагог-зерттуші, кезекті «педагог-модератор» санатына Б.Курбанова, С.Сейтемов, А.Ұзақов, Ә.Абдрахимов, Н.Тохтахунова өтініш жазды. Аттестациядан өтетін мұғалімдермен түсіндірме- дайындық жұмыстарын жүргізілуде.   (Ереже, бұйрықтармен таныстыру) Тиісті құжаттарды рәсімдеу. Аттестаттау үшін өтініштерді қабылдау. Аттестатталушы педагогикалық қызметкерлердің тізімін бекіту. Аттестаттау комиссиясын құру. Сараптау топтарын құру Аттестаттау комиссиясының жұмыс жоспарымен таныстыру Аттестаттаудан өтетін мұғалімдерге сараптамалық қорытындысы негізінде «педагог-модератор» біліктілік санатын беру, растау туралы №-561 бұйрықпен аттестациядан өту, эссе жазу, портфолио құжаттарын жинақтау, «педагог-модератор» -2 сабақ, «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші»-3 сабақ өту, әулеметтік желіге жүктеу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

ІҮ. Апталықтар, жылдың мерейтойлары мен атаулы күндерге

«Шамшырақ» ӘПБ бірлестік жетекшісі А.С.Оралова Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай «Ұлт ұстазы» тақырыбында  қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, ұйғыр тілі пәнінің мұғалімдері қыркүйек айында айлық және «Тіл-тірегім» тақырыбында қазақ тілі пәндерінің апталығын өткізді. Өткізілген іс-шаралардың  құжаттары топтастырылып,  жоспарлары бекітілді. Әдістемелік отрыста анықтамаларын жинақтап есеп берді.                      

«Шығармашылық топ» топ жетекшісі Р.Халилова «LESSON STUDI» зерттеу жұмыстары бойынша «Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында  желтоқсан айында онкүндік өтті. Топ құрамында 12 мұғалім бар.  Құжаттары топтастырылып, жоспарланған іс-шаралар өз уақтысында өтті,  жоспарлары бекітілді. 

 «Шамшырақ» ӘПБ тарих пәні мұғалімдерінің апталығы «Қазыбек бидің 355 жылдығын» орай өтті. Тарих пәнінің мұғалімдері Л.Жақсылық, Ф.Берикованың  ашық сабақтарына қатыстым. Апталықтың өтілуі туралы анықтамаларын, жоспарларын өткізбеді. 





Ү. Қабілетті оқушылармен жұмыс 

1. Мектепішілік Кіші Ғылыми Академия, Зерде ғылыми жобалар ақпан айында өткізу жоспарланды. 

«Айқанат республикалық олимпиадасына математика пәнінен 2 оқушы 8 сынып оқушылары Кайим Аңсар, Бағдатжанов Ислам қатысты. Нәтижесінде орын алмады. Жетекшісі математика пәнінің мұғалімі А.Т.Мақаш.

  1. Мектепішілік олимпиада материалдарын бекіту, олимпиадаға дайындық барысы. Мектепішілік пән олимпиадасын өткізу аудандық интелектуалды сайыстарға қатысу.                                                                            Мектепішілік қараша айында 5-6 сыныптар арасында негізгі пәндер бойынша пән олимпиадасы өткізілді. Пән мұғалімдері тапсырмалармен олимпиада материалдарын жинақтап, дайындық жүргізіп, оқу озаттары, әр пәнге қызығушылығы бар оқушыларды қатыстырылды, жалпы мектепішілік пән олимпиадасына 30 оқушы қатысты, оның 10 оқушысы аудандық пән олимпиадасына жолдама алып, нәтижесінде 1 оқушы орыс тілі пәнінен  5 А сынып оқушысы Алихан Алижан «Алғыс хат» алды. Жетекшісі орыс тілі мен әдебиеті пінінің мұғалімі Р.Н.Тохтамова.
  2. Мектепішілік желтоқсан  айында 9-11 сыныптар арасында негізгі пәндер бойынша пән олимпиадасы өткізілді. Пән олимпиадасына  27 оқушы қатысты. Оның 4-уі  аудандық пән олимпиадасына жолдама.
  3. «Дарын» республикалық олимпиадасы 2-4 сыныптарға 4 пәннен, 7-8 сыныптарға 10 негізгі пәндерден үш бағыт бойынша өтеді аудандық білім бөлімінің ссылкасына осы пәндер бойынша тапсырмалар салу керек. 
  4. Республикалық «Мүшайра» байқауында Иминова Шахидам                                                                                            ҮІ. Жетекші мектеп желілік қауымдастық жұмысы                                                                                                    Қараша айында аймақтық семинар Головацкий атындағы орта мектебінде «Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында сабақта зерттеу әдісін қолдану» тақырыбында аудан көлемінде өтті. Аймақ бойынша Сатай батыр ат.орта мектебі, Х.Көбіков ат.орта мектебі, Садыр орта мектебі қатысты. Әр мектептен 5 мұғалім қатысты.            Желтоқсан айында Сатай батыр ат.орта мектебінде «Жаратылыстану»  бағыты бойынша оқушылардың жоғары ойлауын дамытуда сұрақтардың қандай ықпалы бар» тақырыбында аймақтық семинар өтті.                            Жетекші мектеп Головацкий атындағы орта мектебінің тренері, үйлестірушісі Ноғаева Жанна «LESSON STUDI» зерттеу жұмыстары жүргізу, әзірлеу туралы мектебімізде аймақ көлемінде  әдістемелік кеңес өткізді.          Мектебімізде «LESSON STUDI» зерттеу жұмыстары жүргізу барысында 4-топ, әр топ құрамында 5 мұғалімнен, жалпы 20 мұғалім бар. Топтың жетекші тренері Р.А.Халилова. «Балауса» бастауыш тобы (3- ші айналым) сабақтарын өтті, А.Оралованың тобы (2- ші айналым) сабақтарын өтті, қалған екі топ сабақ өтпеді. 

2022 жылдың 15 желтоқсанда «Жетекші мектеп-педагогикалық қоғамдастықтардың ынтымақтастық серіктестігінің интеграторы» атты облыстық форумға қашықтықтан мектеп тренерлері Р.Халилова, Ә.Абдрахимов қатысты   

 «PISA» халықаралық зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша математикалық бағытта жоспарланып, топ құрылды. Топ құрамында -5 мұғалім бар. Топ жетекшісі А.Т.Мақаш

Мектепішілік бақылау бойынша 9 А сыныбының математика сабағының өтілуін зерттеу-зерделу барысында математика пәнінің мұғалімі Ә.Н.Абдрахимовтың сабақ жоспары құрылымы №-399 бұйығына сәйкес құрылған. Сабақты дәстүрлі түрде өтеді. Оқушылардың сабаққа қатысуы 50%, сабаққа толық қатыспайды. 

Ұсыныс: оқушыларға қосымша сабақтар ұйымдастырып, сабаққа белсенділігін арттыу керек. Сабақта отыру этикасын ескеру керек.  Математика пәнін пән мұғаліміне 5 сыныптан -11 сыныпқа дейін бір мұғалімге беру керек. 

«Оқу-әдістеме саласы бойынша әдістемелік пән бірлестіктерінің рейтингі төмендегідей:


  Әдістемелік пән бірлестіктері

Әдістемелік бірлестік жұмыс жоспарының орындалысы

Әдістемелік бірлестік  отырысы

Білім сапасын мониторингілеу

Педкадрмен жұмыс

Шығармашылық жұмыс

Дарында баламен жұмыс

Ғылыми әдістемелік жұмыс

Олқылықтармен жұмыс,сынақ жұмыстары

Оқыту технологиясы

Рейтингжылдық балл 

Марапаттар саны

Орын

Шамшырақ

9

9

10

10

10

40

0

8

20

115

4

V

Балауса

10

10

10

10

10

80

0

10

60

200

48

I

Қазына

8

8

10

10

7

30

0

10

30

114

7

ІV 

Зерде

10

9

10

10

10

30

0

10

30

139

13

III

Ақпарат

9

9

10

10

8

40

0

9

10

116

4

VI

Өнер және спорт 

10

9

10

10

10

80

0

10

50

189

 24

II


Мұғалімдермен оқушылардың жетістіктері мен марапаттарының мониторингі


 


Анықтаманы орындаған: Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары                    С.К.Мухтарова