"Ахмет - әліпби атасы" әдеби кеш » Садыр орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Садыр орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
сентябрь
2022

"Ахмет - әліпби атасы" әдеби кеш

   Мектебімізде 2022 жылдың 13 қыркүйегінде  «Ахмет – әліпби атасы» тақырыбында Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай Жас Ұлан ұйымымен әдеби кеш ұйымдастырылды. Кештің бірінші бөлімінде оқушылар ұлы ғалымның ғылыми еңбектері мен әдеби мұралары, сондай-ақ өмір жолы туралы сөз сөйлеп, өлеңдерін нақышына келтіре орындады. 3-сыныптың өнерпаз оқушысы  «Әліппе» әнінін орындады, 9 сынып оқушысы Бейсенбай Елдар Ахмет Байтұрсынұлының рөлін сомдап кештің сәнін келтірді.  Кешке мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы Мухтарова Сәуле Қасымханқызы және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бекбосынова Венера Ерболқызы қатысып, оқушылармен мәнді де мағыналы кездесудің өтуіне ұйытқы болды.