"Жас зерттеушілер" ғылыми жоба байқауы өтті » Садыр орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Садыр орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жас зерттеушілер" ғылыми жоба байқауы өтті
14
апрель
2023

"Жас зерттеушілер" ғылыми жоба байқауы өтті

14.04.2023 оқу жылы оқушылардың мектепішілік ғылыми-практикалық конференциясы, дарынды оқушылармен жұмысын ұйымдастыруда мектепішілік "Жас зерттеушілер" ғылыми жоба байқауы өтті. 
Жобаның мақсаты: Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқушыларды ғылыми жоба жаздыруға үйрету, ғылыми- зерттеу жұмыстарын жасау құзыреттілігі мен дағдыларын қалыптастыруға баулу, қабілетті оқушылардың білімге деген қызығушылығын дамыту және қолдау. 
Жобаға төрт оқушы қатысты. 
1. Мырзахмет Аяжан 10 сынып оқушысы жоба тақырыбы "Қоршаған орта экологиясы" жетекшісі Махпирова Турсынай химия пәнінің мұғалімі.
2. Абдусаламова Нигара 8 сынып оқушысы, жоба тақырыбы "Шырғанақтың емдік қасеттері", жетекшісі Чорманбаева Сәуле биология пәнінің мұғалімі.
3. Ғаратова Амина 9 сынып оқушысы, жоба тақырыбы "Жергілікті жер экологиясы" жетекшісі Сейтемов Сухрат география пәнінің мұғалімі.
4. Амраева Равина 7 сынып оқушысы, жоба тақырыбы "Жаңылтпаштар-көркем сөйлеу құралы" жетекшісі Халилова Райсам қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Жетекшілердің оқушыларға жоба қорғау барысында тынымсыз еңбек етіп, бағыт-бағдар берді, жүйелі жоспар құрып, оқушыны өз бетінше еңбекке баулу, ғылыми жұмыстың зерттеу, зерделеу нәтижесін презинтация, фотослайд, бейнебаян көрсету арқылы жан-жақты мәліметтерді  жинақтап, оқушы бойына сіңіре отырып, сөйлеу мәдениетін, шығармашылық  танымын аша түсті. Мектепішілік ғылыми жоба байқауында әділқазылардың сараптамалық қорытындысында оқушылардың еңбегін сарай келе мақтау қағаздармен марапатталды.
1. Ғаратова Амина "Бас жүлде"
2. Мырзахмет Аяжан І-орын
3. Абдусаламова Нигара ІІ-орын,
4. Амраева Равина ІІІ-орын иеленді.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02GSf81iaCYr42UpnrpVyLy1AVebBfa56PqKdFBPBtErV7SozWMrFKzeakfkbeUVnHl&id=100044644330712&sfnsn=mo&mibextid=RUbZ1f