Педагог-психолгтың І жарты жылдық есебі » Садыр орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Садыр орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Педагог-психолгтың І жарты жылдық есебі
30
декабрь
2022

Педагог-психолгтың І жарты жылдық есебі

«Садыр орта мектебі» КММ 2022-2023 оқу жылындағы

педагог-психологтың атқарған   І –жарты жылдық жұмыстары бойынша                   

SWOT талдауы


Психологиялық қызметтің Мақсаты: Тұлғаның жеке-дара психологиялық ерекшеліктері мен тұлғалық бейімділігін анықтау, зерттеу жұмысын жүргізу.

Міндеттері: 

  • Әрбір даму кезеңінде баланың жан-жақты тұлғалық және интеллектуалдық қалыптасуына ықпал ету;
  • Оқушы жеке тұлғасының психологиялық-педагогикалық зерттеуін ұйымдастыру;
  • Оқушының жеке тұлғасын зерттеуге арналған диагностикалық әдістемелер комплексін дайындау;
  • Оқушылар арасында дұрыс психологиялық ахуал, қарым-қатынасты қалыптастыру;
  • Оқушыларға психологиялық көмек көрсету, түзету жұмыстарын жүргізу;
  • Мектеп ұжымына көмек көрсету, ұстаздарды психологиялық ақпараттармен қамтамасыз етуді жақсарту;
  • Барлық мәселелерді шешуде баланың  психологиялық дамуын ескеру.


Психологиялық жұмыс әрекетінің негізгі бағыттары:

Психологиялық диагностика

Психологиялық профилактика

Психологиялық түзету, дамыту

Психологиялық консультация

Күшті жағы

2022 – 2023 оқу жылында педагогикалық – психологиялық қызметте жоспар бойынша жұмыс жасалынды. Оқушылармен қыркүйек, қазан, қараша айларында диагностикалап қараша, желтоқсан  айлары аралығында коррекциялық түзету – дамыту жұмыстары жүргізілді. Кеңес беру қызметі жоспарлы және қажет етілген уақытта берілді. Ағартушылық жұмыс айлық жоспар негізінде жұмыстар жүргізілді. Жаңадан мектепке қабылданған оқушылардың  іс-құжаттарымен танысып, әлеуметтік-тұрмыс жағдайын, жартылай жетім, сәтсіз отбасыларынан шыққан балаларды анықтап, әр оқушыға жеке диагностикалық карта құрылды.        


Жыл басындағы нәтиже көрсеткіші бойынша танымдық процестерінің дамуы:

Мектепалды даярлық  «А» сыныбы: 65% - жоғары, 25% - орта, 10 % - төмен

Мектепалды даярлық  «Ә»     сыныбы:75% - жоғары, 25% - орта, 0% - төмен

          І жарты жылдық соңында алынған тесттердің қорытындысы бойынша:

Мектепалды даярлық  «А» сыныбы: 75% - жоғары, 15% - орта, 10 % - төмен

Мектепалды даярлық  «Б»     сыныбы: 80% - жоғары, 20% - орта, 0% - төмен

         1 сынып оқушыларынан мектепке дайындығын анықтау үшін, кескіндеме диктант әдістемесі және Керн-Иерсек тесті алынды. Диагностикалық жұмыстардың қорытындысы бойынша мектепке психологиялық дайындық деңгейінің көрсеткіші анықталды.1-4 сынып оқушыларының таным процестерін зерттеу мақсатында, «Қабылдау», «Зейін», «Ойлау», «Ес», «Қиял» субтесттері алынды.  Зерттеу нәтижесі бойынша 1-4 сынып оқушыларының қиялдау деңгейлері: 

орта деңгейде – 38 %, ортадан төмен -33%,  төмен – 29 %.


        5-9 сынып оқушылары арасында, сыныптағы қарым-қатынас деңгейін анықтау мақсатында социометрия әдісі жүргізілді.Шеттетілген оқушы анықталмады.

        5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделуіне байланысты қобалжу деңгейлерін анықтау мақсатында оқушылардың мазасыздық деңгейі шкаласы әдістемесі алынды. 

5-9 сынып оқушыларының арасында мұғалім мен оқушының қарым қатынасын анықтау үшін «Мұғалім оқушы көзімен» анкетасы өткізілді. Нәтижесінде оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты, ұнамды сабақтар, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары т.б. анықталды.

7-9 сыныптардың салауатты өмір салтын құру мақсатында «Зиянды заттар» тақырыбында сауалнама алынды. Нәтижесінде әрбір оқушы зиянды заттардың не екенін, одан қалай қорғануға болатынын сауалнама арқылы көрсете білді.

       Жоспар бойынша оқушылардан ақша жинау және қорқытып алу фактілерін анықтау мақсатында 5-9 сынып оқушыларынан жасырын сауалнама жүргізіп, 

интерпритациялап қорытынды жасалды. Анкета қорытындысы бойынша жасырын топ, ақша жинайтын көшбасшы оқушы анықталған жоқ. 5-9 сынып оқушыларымен құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

 5 сынып оқушыларының қарым-қатынаста жеке ерекшеліктерін орта буынға бейімделуін арттыру мақсатында тренинг өткізілді.5 сынып оқушыларының қарым-қатынаста жеке ерекшеліктерін, орта буынға бейімделуін талқылау мақсатында педконсилиум өткізілді. Сабақ процестерінде назардан тыс қалдырмай, тапсырмалар беру, бақылауда ұстау,пән мұғалімдерінен қадағалауды талап етілді. бұзылыстардың пайда болуы туралы түсініктеме берілді.

      5-9 сынып оқушылар арасында оқушылардың қарым-қатынас ерекшеліктерін нығайту, жақсы психологиялық ахуал орнату мақсатында «қарым-қатынас» тренингі өткізілді. Оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынас ерекшеліктерін түрлі бағытта екендігі анықталды. Оқушылар арасында көшбасшылық, тіл табысушылық, шеттетілген қасиеттері анықталды.

     9 сынып оқушыларының ата-аналарының мамандық таңдауда кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында психологиялық тұрғыдан кеңес берілді. Мамандық таңдауда ата-ана мен баланың көзқарасының сәйкестігі және баланың қабілетін негізге ала отырып таңдау керек екендігі айтылды.

     Сауалнаманың нәтижесі қобалжу деңгейі жоғары оқушыларға кеңес беріліп, кеңес беру дәптеріне тіркелді және эмоция-ерік өрісін дамыту мақсатында «Сезімді тап» жаттығу және «Өлең» ойыны арқылы профилактикалық жұмыстар жүргізілді, оқушыларға ақыл-кеңестер беріліп, сауалнама қорытындысымен сынып жетекшілері таныстырылды.

         Аттестатциядан өтетін мұғалімдерді, жас мұғалімдерді анықтау, тізімі алынып әңгімелесу ұйымдастырылды.    


Инклюзия көмекші бағдарламамен  оқытылатын бір оқушымен жұмыстар кабинетке шақыртылып жүргізіліп тұрды.

Әлсіз жағы

 Оқушылардың таным процестерінің төмен болу себебі, денсаулық жағдайына, қабылдауларының төмен болуына, байланысты тапсырмалар дұрыс орындалмай жатты

МАД және 1сынып оқушыларының мектепке   бейімделудегі Керн –Йрасак, Нүктелерді көшір, «Менің көңіл- күйім» ойын-жаттығулар барысында кездескен қиыншылықтар.

-Баланың сыртқы келбеті шаршаңқы, өткен күн туралы айтпайды;

-Таңертең тұрғанда қиналу;


       Оқушыларды бақылау кезінде көбісінің сабаққа үлгерімдерінің, оқуға деген қызығушылықтарының төмендегені.       Өзара қарым-қатынас кезінде достық сезімдері салқындық сызаты түскені байқалады. 

            


              Мүмкіндіктер 

Білім беру жүйесінің барлық субьектілеріне қажетті психологиялық көмек беру (мұғалімдер, ата – аналар, оқушылар).

Кәсіптік бағдар беру дайындық жұмыстарын ұйымдастыру.

Оқушылардың мектепке бейімделуін түзету мақсатында және үлгермеушілікті болдырмаудың алдын алу. 

Оқушы жеке тұлғасының психологиялық – педагогикалық зерттеуін ұйымдастыру.

Оқушының жеке тұлғасын зерттеуге арналған диагностикалық әдістемелер комплексін дайындау.

Оқушылар арасында дұрыс психологиялық ахуал, қарым-қатынасты ұйымдастыру.

Ортаңғы және жоғарғы буындағы оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру.


            


Қауіп-қатер  

1.Жаңартылған білім беру мазмұнын   түсінбеушілік 

 ата-аналар мен оқушы қиыншылықтарына психологиялық көмек беру 

2.  Жасөспірім оқушылардың интернетке тәуелділігі

3. Ата-аналардың жұмыс бастылығына байланысты балалардың бос уақытының тиімсіз өтуі.



Педагог-психолог:   Тохтахунова Н.Т.

                                 Маттанаева Б.А.